← Материалдарға

Fitomag препаратының (1-MCP) артықшылықтары

Fitomag (1-метилциклопропен немесе 1-MCP) басқа препараттар мен әдістерден тиімді ерекшеленеді. Ол ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көпшілігіне де, тасымалдау және сақтаумен айналысатын компанияларға да…

Fitomag препаратының (1-MCP) артықшылықтары
Толық материалды оқу

Fitomag (1-метилциклопропен немесе 1-MCP) басқа препараттар мен әдістерден тиімді ерекшеленеді. Ол ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының көпшілігіне де, жемістерді, көкөністерді, жидектер мен гүлдерді тасымалдаумен және сақтаумен айналысатын компанияларға да қажет.

Көкөністер мен жемістерді сақтаудың оңтайлы жағдайын жасау үшін Fitomag препаратын қолданудың артықшылықтары

  • Fitomag препаратымен өңдеу кәдімгі атмосферада 4-5 ай сақталған көптеген күзгі-қысқы және қысқы алма сорттарының сапасын реттелетін газды ортада сақтағандағыдай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • Препарат жемістер мен көкөністерді қоймаларда сақтауға да, тасымалдау кезінде климактериялық жемістердің сапасын сақтауға да тиімді. Әсіресе алманың, алмұрттың, алшаның, алхорының, шабдалының, өріктің жазғы сорттарын авторефрижераторлармен алысқа тасымалдауда.
  • Fitomag жемістерді беткі қоңырланудан, ылғалды күйіктен, қартаюдан болатын ыдыраудан, қабықтың қоңырлануы мен майлануынан, механикалық зақымнан болатын ұлпалардың қоңырлануы мен ыдырауынан қорғайды; кәдімгі және реттелетін атмосферада сақтау кезінде саңырауқұлақ шірігі мен масса табиғи кемуінен болатын шығынды азайтады.
  • Fitomag ұсынылған температура мен атмосфера құрамын кеш орнату, осы параметрлердің елеулі ауытқуы сияқты стресстік сақтау жағдайларының жағымсыз әсерін азайтады).
  • Кәдімгі атмосферада және реттелетін газды ортада сақталғыштығы төмен алма мен алмұрттың, мысалы жазғы, күзгі және кеш күзгі сорттардың сақтау мерзімін едәуір ұзартады.
  • Fitomag кәдімгі немесе реттелетін атмосферада сақтау кезінде де, тауарлық өңдеу, тасымалдау және сату барысында суық тізбегі үзілгенде де жемістер мен көкөністердің қаттылығын, шырындылығын, қытырлақ құрылымын, тауарлық түрі мен дәмін сенімді сақтайды.
  • Қосылыстың өте төмен концентрациясын қолданғанда жоғары тиімділікке қол жетеді. Препарат әсері табиғи факторларға ұқсас, бұл адамға және қоршаған ортаға зиянсыздыққа кепіл болады.
Материалдарға